Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушылар арасында жеребе тарту рәсімі өтті

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2020
  • 2383

Павлодарда «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушыларының жеребе тарту рәсімі өтті. Шара аймақтағы қалалық, аудандық филиалдарда ұйымдастарылды. Алғашқы шара 36 үміткері бар Павлодар ауданында өткізілді. Олар 6 топқа бөлініп, дебат өткізетін болады. Аймақта барлығы 612 кандидат тіркелген. Пікірсайыс әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өтеді. Партияішілік сайлау қазанның 1-і мен 3-і аралығына жоспарланып отыр.

Айнұр МҰХАММЕДИЯРОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

14-қыркүйектен 30-қыркүйекке дейін ашық пікір іс-шаралары туралы ресми  ақпарат аккаунттар да және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады. Жеребе тарту барысында ұйымдастыру комитеті мен партия бақылау комитетінің өкілдері қатысты.

Ө. Қуанар