Русский Сайттың толық нұсқасы

Құрманғазы ауданы әкімі парақор орынбасары үшін, жұмыстан кетпек

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2020
  • 5147

Атырауда лауазымын асыра пайдаланған шенеуніктің кесірі, аудан әкіміне тиді. Құрманғазы ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Өркен Тәжібаевқа сот- 3 миллион теңгеге жуық айыппұл салды. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметтен аластатылды.

Биыл мамыр айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экс-шенеуніктің қылмысын әшкере еткен еді. Аудан әкімі орынбасарының жұмыстағы сейфінен қомақты қаржы тапты. Құзырлы орган мамандарының айтуынша, Өркен Тәжібаев өзінің туысқандарына тіркелген компанияларға артықшылық берген. Сондай-ақ бірнеше рет кәсіпкерлерден түрлі сылтаумен ақша алып, өз қажеттілігіне жұмсаған деген күдікке ілікті. Қолданыстағы заңға сай, енді Құрманғазы ауданының әкімі өз еркімен отставкаға кету керек,- дейді департаменттегілер.

Айдос МАМЫТ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл кісі 8 қыркүйекте арызын білдірген болатын.  Осы 8-қыркүйектен бастап, 30 күнді есептеген кезде барып үстінен тұрған жоғары лауазымды адам  өзінің шешімін білдіру керек.

Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев, қазір қызметінде жүр. Телефон арқылы берген сұқбатында орынбасарының заңсыздығы үшін қызметтен кетуге дайынмын,- деді ол.

Қайрат НҰРТАЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:


Орынбасарым сыбайлас жемқорлыққа жол беруіне байланысты  сот үкімі шығып, күшіне енді.  Өз еркімнен отставкаға беру жөнінде облыс әкімі атына  өтінішімді бердім. Бірақ бүгінгі күнге әлі ешқандай шешім қабылданған жоқ. Қазіргі таңда жұмыстамын.

Б. Надирқызы