Қарағанды облысының антикоррупциялық қызметі инвесторларды қанатының астына алды. Бүгін осы өңірдегі аймақтың департамент басшылығы- 4 компаниямен келісім жасады. Құқығы қорғалған кәсіпорындар- Орталық Қазақстанда ірі кәсіпорындар салып жатыр.
Инвесторлар көмегімен жақын арада елімізде күн сәулесінен тоқ өндіретін электростанциялар, жолаушылар автобусы жасалып, электромарганец пен катодты мыс өндірісі жолға қойылады. Жоба әрине керемет. Осы мақсаттар іске асу үшін инвесторлар 1 трлн теңге қаражат салмақ. Ал, инвесторлар құқығы қорғалуы үшін әрине демеу қажет. Антикоррупциялық қызмет, "Атамекен" ұлттық палатасы және облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы осы мәселені өз қолдарына алды.
Денис ШАКЕНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:
Бұл келісімінің көздегені инвесторлардың құқығын жұмыла қорғау. Біздің агенттік және барлық қызметкерлер бизнестің ашық жүргенін қалайды.
Инвесторларға қолдау көрсету мақсатында Агенттік ұсынысымен елде арнайы жобалық кеңсе ашылды. Бұл офистің құрамына Сыртық істер министрлігі мен Инвестициялар және Даму министрлігі де кіріп отыр. Яғни кәсіпкерлер, жер телімін алу немесе инфроқұрылым тарту сияқты кез-келген мәселе бойынша осы кеңседен көмек ала алады.
Ермек ОМАРОВ, АВТОБУС ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:
Осы уақытта электромонтаж бен орналастыру жұмыстары жүріп жатыр. Қызметкерлерімізге барлық әлеуметтік жағдайларды жасаймыз. Бүгінгі келісім біз үшін маңызды. Бұл мемлекеттік құрылымдармен екі жақты байланыс орнатады деп ойлаймын.
Байланыс әрине бар. Барынша көмек көрсетіліп жатыр. Мысалға, Польшадан келген инвестор жуырда құқыққорғаушылар көмегіне жүгінген. Сөйтіп, ақшалай қарыз мәселесі оңай шешілді.
Денис ШАКЕНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:
«Арселор Миттал Теміртау» сияқты алып компания бар. Осы кәсіпорынның Польшадан келген инвестор алдында қарызы бар екен. Польшаның Төтенше және Өкілетті Елшісі көмек сұрап, оған Заңға сай қолдау көрсетілді. Артынан олар бізге Алғыс хат жолдапты.
Бұл кеңсе белгілі бір кәсіпорындармен шектелмесі анық. Антикор қызметі басқа да инвесторларға қол ұшын беруге дайын. Яғни, келісім аясы кеңейе түседі.
Д. Мұхаммедкәрім