Русский Сайттың толық нұсқасы

Блок-посттар қойылып, шекара жабылу мүмкін бе?

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2020
  • 6706

Елде коронавирус жұқтырғандардың саны 30 мыңнан асып кетсе, онда күшейтілген карантинге қайта оралуымыз мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымы осы. Ал, әзірге жеңілдетілген шектеу шаралары жалғаса береді. Десе де, бізде жағдай тұрақталғанмен, көрші мемлекеттерде індеттің таралуы өрши түскен. Осыған алаңдаған тілшіміз Асылбек Данияр, денсаулық сақтау министрлігіне сауалдар жолдады.

Күз айында вирустық инфекциялардың өршитіні рас. Жәй тұмаумен бірге қытайлық індеттің де таралуы әбден мүмкін. Көрші елдерде жағдай мәз емес. Мысалға Ресейде өткен тәулікте 5 жарым мың тұрғын COVID-19-ды жұқтырғаны белгілі болды. Бұның алдында Түркиядада жағдайдың ушыққанынын денсаулық сақтау министрлігі мәлім еткен болатын. Көршілермен шекараны бекемдеуге шенділер әзір асығар емес.    

Бағдат ҚОЖАХМЕТОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Мемлекет және үкімет тарапынан Қазақстанды жабу немесе шектеу жұмыстарын өткізу әбден мүмкін. Бұл енді көршілер мемлекеттердегі тікелей эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.

Министрлік аты жаман індеттің қараша мен желтоқсан айларында бас көтеруі мүмкін екенін ескертті. Өйткені бұл кезде әдеттгі тұмаумен бір миллиондай адам ауырады екен. Инфекциялық аурулардың алдын алу орталығының дерегінше оның 64 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Осыған орай қазір вакцинациялау жұмыстары басталып кетті. Мамандар бұл екпенің кеселмен күресуге де  пайдасы болуы ықтимал деді.  

Жұмабек БЕКЕНОВ, ҰЛТТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

Грипп вирусынмен ауырмауыңызға кепілдік береді. ауырған күнде де аса жеңіл формада өтеді.  Вакцина жаңағы А түрі, В түрімен қамтылған. Бұл дегеніміз алда болатын вирусқа қарсы толыққанды біз антидене пайда болатындай жағдай жасай аламыз.

Коронавирусқа қарсы әзірленген отандық вакцина, сынаққа дайын. Оны салдыруға 627 ерікті ниет білдірген. Бірақ оларға ешқандай қаржы төленбейді.  

Бағдат ҚОЖАХМЕТОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Екпе салдыратын еріктілерге оларға ешқандай ақша және материалды түрде сыйлықтар берілмейді және төленбейді.  Егер екпе салдырған ерікті ауырып қалса немесе денсаулығына басқа да зиян тиіп жатса сақтандыру қорынан медициналық көмек ала алады.

Жалпы індетті жұқтырғандар саны 106 мыңға жетті. Өткен тәулікте 77 адамнан коронавирус анықталды. Республика бойынша 100 мыңнан астам адам емделіп шықты яғни 94,1 пайызы. Ауру құрбандары: 1656.

А. Данияр