Русский Сайттың толық нұсқасы

Жоғалған фермердің денесі Құлсарыдан 100 шақырым жердегі құдықтан табылды

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2020
  • 3359

Атырауда белгісіз жағдайда жоғалып кеткен 47 жастағы фермер Нұрәлі Нұртілеуовтің мәйіті табылды. Марқұмның денесі сегіз күн өткенде Құлсарыдан 100 шақырым жердегі құдық ішінен шығарылды. Күні кеше ғана фермердің туыстары аудан әкімдігіне барып, наразылық білдірген еді. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

Бір аптадан астам уақыт бойы табылмай жатқан Нұрәлі Нұртілеуовтің туыстары әкімдік алдына барып осылай наразылықтарын білідіріп еді. Олар, құзырлы органдарды "жұмыс істемейді", деп айыптады.

Қойбағар НҰРТІЛЕУОВ, МАРҚҰМНЫҢ ІНІСІ:
 
Бұрын мал ұрланатын еді. Енді адам ұрланады. Масқара болды. шектен шыққан мынау. Бүкіл айғағын тауып бердік 100 пайыз.


Гүлмира НҰРТІЛЕУОВА, МАРҚҰМНЫҢ ҚЫЗЫ:

Айғақтардың барлығы соның үйінен табылып тұр. Мотоциклдің ізі соның үйіне дейін барады. Өртенген оқ пен телефон соның  үйінің қасынан табылады. Соның бәрі айғақтың бәрі аудандық ішкі істер бөлімінде бар. Бірақ құзырлы органдар ешқандай жұмыс жасап жатырған жоқ.

Марқұм - «Боздақ» шаруа қожалығының иесі. Ол бұған дейін де талай рет жоғалған малын іздеген. Осы жолы да мотоциклмен мал іздеп шығыпты. Туыстарының айтуынша, фермердің өлімі сол қандыққол ұрылардан болуы мүмкін. Нақты күдіктеніп отырған адамдары да бар. Ал, полиция фермердің денесін бүгін ғана тауып отыр.

Гүлнәзира МҰХТАРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ӨКІЛІ:

Құлсарыдан 100 шақырым  жердегі Қырықмылтық кен орындағы 15-20 метр терең шұңқырдан жоғалған  азаматтың мүрдесін тауып, сараптама тағайындады. Қылмысқа күдікті Құлсары қаласының 82 жылы туған тұрғыны бұрын сотталған азамат ұсталды.


38 жастағы күдікті осы уақытта қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Кісі өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Б. Надирқызы