Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстан облысында Теректі ауданы орталығында карантин жарияланды

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2020
  • 2250

Денсаулық сақтау министрлігі, "Карантин режимін жеңілдетеміз", деп жатқан шақта Батыста бір аудан орталығы тұтастай карантинге алынды. Өйткені, Батыс Қазақстан облысының Федоровка кентінде соңғы аптада 10 адам қытайлық індетке шалдыққан. Араларында аурухана дәрігерлері де бар. Бір айта кетерлігі осы Теректіге қатысты баспа беттерінде екі түрлі ақпарат тарады.  Бастапқы көзде, "Теректіде 22 адам короновирусқа шалдыққан, оның 17-сі аудан орталығынан", делінген. Алайда, артынан облыстық СЭС оны теріске шығарып, "22 адам емес, шындығында 10 адам" деген мәлімет берді. Қалай болғанымен, аудан орталығында карантин күшейтілді. Сауда орталықтары мен базарлар және дәмханалар мен демалыс орындарының қызметі уақытша тоқтады. Ал, жеке көліктердің қозғалысы, 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін шектелді. Өңірдің бас санитары дерегінше, шүкір ауданда коронавирус індетінен өлім-жітім соңғы күндері тіркелмеген.

Мұхамғали АРЫСПАЕВ, БҚО БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІ:

Басқа аудандарда соңғы аптада ондай ауру тіркелген жоқ. Оралда да сондай өсу бағыты. Теректіде өсу бағыты байқалғаннан кейін аудандық ауруханаға да карантин қойылды мысалы және ауданға да қойылды. Дәрігерлер екеуі де емделіп жатыр. Жағдайы қазір жақсы. Лабораторияда ПЦР-ге алып, жағдайлары жақсы болатын болса, онда олар үйлеріне жіберіледі.