Русский Сайттың толық нұсқасы

Үлескерлер 3 миллиард 200 миллион теңгеге алданып қалған

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2020
  • 2437

Алаяқтық, үлестік құрылыс саЛасында да кең етек жайған. ІІМ-нің дерегінше 27 қылмыстық іс қазір тергеліп жатыр. Ал, зардап шеккендер саны 300-ден асады. Министрлік: мұндай проблема аймақтарда ғана емес, бас қалада да бар деді. Мәселен бір ғана «Шығыс» тұрғын үй кешені бойынша шЫғын көлемі 185 миллион теңгеГе жуықтайды. Әзірге 24 жәбірленуші анықталған. Бұдан өзге комфорт санаттағы баспанаға да қатысты тергеу әлі жалғасуда.

Санжар ӘДІЛОВ, ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:


Нұр-Сұлтан қаласында Expo New Life тұрғын үй кешені үлескерлерінің өтінішімен «Шанг Хи Груп» ЖШС-на қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл қылмыстық іс бойынша біз екі эпизодты тіркедік, келген залал сомасы 2 миллиард теңгеден асты. Маңғыстау облысында «Махаббат» тұрғын үй кешенінің құрылысы жөнінде қылмыстық іс тергелуде. Мұнда 21 үлескер жәбірленуші,  залал 252 миллион теңгеден асады.  

Ә. Өмірзақ