Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда екінші қабаттағы пәтерлерді ғана тонап жүрген ұрылар ұсталды

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2020
  • 2315

Алматылық ұрылар пәтер тонаудың жаңа тәсіліне көшіпті. Ел тәтті ұйқыда жатқанда олар, екінші қабаттағы пәтерлерді "тазалап" жүрген. Қылмыстық топты алматылық полиция жуырда ғана қолға түсірді. Әзірге 25 пәтер ұрлығы дәлелденіп отыр. Ол әрине әлде қайда көп болуы мүмкін. Аршын Кемелжан тарқатып берсін.
 
Қылмысы ашылып қалған әккі ұрылар, айла тәсілдерін осылайша әңгімелейді. Полиция қолына түспей тұрып олар 25 пәтерде тонап үлгерген. Ұрылар тек екінші қабаттағы пәтерлерге түсіп жүріпті. Өйткені, дені темір тормен қоршалмаған. Оның үстіне оған өрмелеп шығу да оңай.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ Қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:


Бұл сезіктілердің қолдарынан дәйекті заттар шықты ұсталғаннан кейін. Мәлім болғандай бөтен пәтерлерге бұл азаматтар терезе арқылы ғана кірген. Көздеген екінші қабаттан биік емес болуы керек еді, талаптары сондай.

Терезе арқылы кіріп талай адамды зар илеткен ұрылар осы уақытта тергеу изоляторында отыр. Полиция қолында айғақ заттар аз емес. Айыбы дәлелденіп жатса онда олар кемінде 3 жылдан бас бостандығынан айрылуы тиіс. Мамандардың айтуынша, биік үйде тұратындарың дені қауіпсіздік шараларын сақтамайтын көрінеді. Әккі ұрылар осыны пайдаланады.

БЛИЦ:

- Мына көршілерді естіп жатамын 2-3 үйді тона кетті, деп кешенің арғы күні қана айтты. Енді біз де қорқып отырмыз. Шынмен жоқ сақтану құралдары.

Аршын КЕМЕЛЖАН, ТІЛШІ:

Айта кетейік, ұрылар алып кеткен заттардың көбі ақша, алтын әшекей немесе қара базарда сатуға жарамды бағалы заттар. Оның арасында тұрмыстық техникада кездеседі. Мұның бәрін олар терезе арқылы шығарып отырған. Мамандар осы ретте, "көп қабатты үйде тұрамын", деп арқаны кеңге салуға болмайды, деген кеңес береді.

А. Кемелжан