Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстауда мектеп оқушыларына жаңа ноутбук алынды

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2020
  • 3180

Маңғыстаулық шенеуніктер Түпқараған ауданының оқушыларына мыңға тарта ноутбук тарту етті. Енді аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары сабағын еш алаңсыз онлайн оқи алады. Қажетті техниканы сатып алуға аудандық бюджеттен 180 миллион теңге бөлініпті.

7 класстың оқушысы Бауыржан Көшекбаев әр әріпті мұқият теріп отыр. Бауыржанның сүйікті пәні - математика. Сабақты ол бұған дейін алақандай ұялы телефонмен оқитын. Бүгін Бауыржанның қуанышында шек жоқ. Сабақты енді ноутбук арқылы қарайды.

Бауыржан КӨШЕКБАЕВ, ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

Бәрі удобно, бұрын сотка болған кезде кішкене кіруім қиын болатын еді. Қазір мына компьютермен кіруім оңай. Бір жағынан уатсапта да соткамен отырам. Ал мынада ОВИПУС-та компьютермен отырам.

Ақбибі КӨШЕКБАЕВА, АТА-АНА:


Алты балам бар, төрт балам мектепте оқиды. Енді мына компьютер беріп, балаларымыздың ноутбукқа қолы жетіп, енді сабағын жақсы оқиды. Екеуі жақсы қолданып жатыр, жақсы ұстап жатыр.

Түпқараған ауданында Бауыржанмен бірге тағы 340 мектеп оқушысы жаңа ноутбук алды. Ол, жергілікті шенеуніктердің тартуы.

Қаламқас ТІЛЕУБАЕВА, АҚШҰҚЫР АУЫЛЫ МЕКТЕП ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мектебіміздегі аз қамтылған отбасылардың балаларына аудандық әкіміліктен, Түпқараған аудандық білім бөлімінің атынан 200 компьютер беріліп жатыр. 200 компьютердің үстіндегі 98 компьютерді біз мектебіміздегі өзіміздің компьютерлік кабинеттердегі ноутбуктар мен компьютерлерді таратып беріп жатырмыз.

Оқушыларға арналған ноутбуктерге аудан бюджетінен 180 миллион теңге бөлінген. Карантин аяқталған жағдайда бұл оқу құралдары түгелдей мектептерде қалады.

Айбаршын ӨТЕСБАЕВА, ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Онлайн сабақ басталған кезде біз балаларды компьютермен қалай қамтамасыз етеміз деген заңды сұрақ туды. Міне осы бойынша біз жаз бойы осы мәселемен айналыстық. Көпбалалы отбасыларға, аз қамтылған отбасылардың балаларына бөлініп, қазіргі таңда бұл ноутбуктердің барлығы да балалардың қолына тиді.

Онлайн сабақтар көп оқушыны қинағаны белгілі. Бұл келеңсіздік біртіндеп өз шешімін тауып келеді. Еліміз бойынша осы күнге дейін жарты миллионға жуық мектеп оқышысы компьтермен қамтамасыз етілген.

Е. Карин