Партияішілік пікірсайысқа түскен кандидаттарға аймақ басшысы, "Nur Otan" патиясының облыстық филиалы төрағасы Серікбай Трұмов қолдау танытты. Бұл дебатқа Ақтаудан жиыны 101 үміткер қатысып отыр. Сөз жарыста олар сайлау алды бағдарламаларын айтып, өңірде қордаланып қалған күрделі мәселелерді көтерді. Пікірталастың басты мақсаты: "жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар", үміткерлерді анықтау.
Серікбай ТРҰМОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Алдымызда үлкен сайлау келе жатыр. Осы сайлауға біз «Nur Otan» партиясы мынау қоғаммен бірге үлкен жұмыстар атқарамыз деген үміттеміз. Біздің оған барлық мүмкіндігіміз бар.
Кандидаттар Дебат кезінде 20 топқа бөлініп өзара сайысқа түсті. Әр топта 5 кандидаттан. Праймеризге түскен үміткерлер арасында, өңірге танымал өнер майталмандары, саясаткерлер және спортшылар бар. Олардың әрқайсысы аймақтың дамуына үлес қосатын тың ұсыныстар жасаған.
Д. Мұхаммедкәрім