Парамен ұсталып артынан айыппұлды төлей алмаған 9 экс-шенеунік бас бостандығынан айырылды. Елордалық Әділет департаменті деректеріне қарағанда, ұсталған шенділер арасында "шабақтар" ғана емес "шортандар" да бар. Соның бірі, Қоғамдық даму министрлігінің комитет төрағасы Қайсар Жанаханов болса, екіншісі Әуе қорғанысы күштерінің бұрыңғы қолбасшысы Серік Исмайылов. Қомақты қаражатты қалтаға басқан 9 жемқорға Сот шешімімен 380 миллион теңге айыппұл салыныпты. Алайда оны төлей алмаған. Енді олар 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылатын болды.
Әйгерім ӘБДИЕВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АЛМАТЫ АУДАНЫ БОЙЫНША АҒА СОТ ОРЫНДАУШЫСЫ:
Келісілген уақытта ҚР қылмыстық атқарушылық кодекстің 51 бабында көрсетілген тәртібі бар. Тәртіп орындалмаған жағдайда басқа да жазалар қарастырылған. Үлкен сома болғандықтан оларға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды.
Ғ. Өтемісов