Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраудан Оралға жол тартқан тоннадан астам бекіренің жолы кесілді

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2020
  • 1395

Атырауда бекіре балығы мен қара уылдырықты заңсыз тасығандар ұсталды. Батыс Қазақстан облысының қос азаматы тізгіндеген Toyota Land Cruiser көлігінен салмағы 345 дана бағалы балық табылды. Одан бөлек 200 грамм қара уылдырық тәркіленді. Заңсыз тауар тасығандар «Атырау-Орал» тас жолынан тоқтатылған. Қазір тергеу басталды.

Гүлнәзира МҰХТАРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Осы дерек бойынша Орал қаласынан келген 28 және 29 жастағы екі азамат ұсталды. Күдіктілер ҚК 339-ыншы, яғни «сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген , сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған  балық түрлерімен  айналысқан» бабы бойынша  жауап беретін болады.

Б. Надирқызы