Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақкөл елді мекенінде өртенген тікұшақты Беларусь елінің ұшқышы басқарған - ААК

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2017
  • 3391

Ақкөл елді мекенінде өртенген тікұшақты Беларусь елінің ұшқышы басқарғаны белгілі болды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің өкілдері мәлімдеді.

Тоты Әмірова, Азаматтық авиация комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы:

Жақсы-жақсы 100-ден астам ұшқыштар кетіп қалды осы бір-екі жылда. Олардың орнына келіп жатқан ұшқыштарымыз, мына постсоветское пространство деп айтамыз ғой. Академияның самолеты құлағанда, ол Украинаның бір ұшқышы болған. Осы жолы, бүгінгі түнгі болған оқиғада Беларусьтан келген ұшқыш. Сондықтан біздің заңдарымызды дұрыстап білмейді. Ол сағат түнгі бірде ұшып шыққан. Бүйтуге болмайды. Түнде ұша алмайтын вертолеттар.

Ақмола облысы аумағында МИ-2 тікұшағы жерге қонуға ыңғайланған кезде от тұтанып, артынша толықтай жанып кеткен еді. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Алдын ала болжам бойынша, тікұшақ жер қыртысына соғылған. Оқыс оқиға кезінде бортта болған авиатехник Балуевтың денесінің 50 пайызын күйік шалған. Командир Маньков пен бақылаушы ұшқыш Байбосынов зардап шеккен жоқ. Дәрігерлер науқастың жағдайын «тұрақты» ауыр деп бағалауда.

Надежда Дудкина, Ақкөл аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Науқастың басы мен мойны, екі қолы, аяқ бармақтары мен оң иығы күйіп қалған. Қазір оны Астанадағы күйік жарақаттарын емдеу орталығына жеткізу мәселесі қаралып жатыр.

Азаматтық авиация комитеті басшылары мәлімдегендей, бұл «Тянь-Шань» авиациялық компаниясына қарасты тікұшақ болып шықты. Қазір ұшу орталығының құжаттары мен ұшқыштары тексерілуде. Олардың пилоттық куәлік сертификаттары тоқтатылды. Апаттың нақты себептері анықталып жатыр.