Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайлық шенеунік уәдесін орындамады

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2020
  • 2263

Сертінде тұрмаған шенеунік. Тікелей эфирде сөз берген Қостанай қалалық тұрғын үй коммуналды шаруашылық бөлімінің басшысы уәдесін орындамады. Ол бір ай бұрын, шағын ауданның жолы жөнделеді деп сендірген еді. Бірақ, әлеумет әлі батпақ кешіп, жол азабын тартып жүр. Бұл аздай бұқара көмір әкеле алмай отырғанына ашулы.

Қостанай-2 шағын ауданындағы көшенің көрінісі осы. Батпаққа батқан жерге жедел жәрдем мен такси мүлдем жоламайды. Күн сыутып, жеке сектордағы көпшілік көмір түсіре алмай отырғанына ашынады. Өйткені бұл маңайда жүк көліктері де жүре алмайды.  

Ермек НАУРЫЗБЕКОВ, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Бүгін айтады бізге ол подрядчиктің техникасы жоқ деп. Енді техникасы болмаса оған неге береді. Міне қараңдаршы быт-шыт болып жатыр. Не көмір, не отын әкеле алмаймыз. Қазір біреу ауырып қалсыншы скорый келгенше өліп қалады. Барсақ бізді мазақ қылады.

Галина БЛАВОДСКАЯ,  ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өткенде жедел жәрдем көлігі батып қалды. Дәрігерлер батпақ кешіп әрең барды. Қазір  жедел жәрдем, такси бізге келуден мүлде бас тартады.
 


Тұрғындар  мердігер мен шенеуніктердің сертінде сенім, сөзінде байлам жоқ дейді. Бұған бізде иландық. Өйткені осыдан бір ай бұрын жауапты басшы, тікелей эфирде арқылы бір айдың көлемінде көшеге асфальт төселеді деп ант еткен.

Алайда Наурызбай Мусин мырза уәдесінде тұрмады. Бұл жолы Наурызбай Мусин мырзаның өзі жұртпен жүздесуге келген жоқ. Телефон арқылы тілдескенімізде уәденің орындалмауына мердігер кінәлі деді.

Наурызбай МУСИН,  ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІ БАСШЫСЫ:

Подрядчик енді сондай кездессе, біз оған айтуын айттық. Хаттарын жазып жатырмыз. Менің қолымда емес қой. Мен қуып шығып қолмен күрекпен қазбаймын ғой. Ақшасы бөлінген. Сотқа ғана береміз.  Не істеймін енді?

Ми батпаққа айналған бұл көшеге Қарағандының құрылыс компаниясы жол салуы тиіс болатын. Бірақ мердігер екі айдан бері ештеңе тындырмаған.

Нұрбол ІЛИЯСОВ, «ДОРСТРОЙМАТЕРИАЛ» ЖШС ӨКІЛІ:

Горгаз келіп газопровод қазған. Сол себепті бізді тоқтатты. Одан кейін бізді тоқтатқаннан кейін өздерінің артынан жерді тығыздау жұмыстарын жасаған жоқ. Сол себепті біз кішкене тұрып қалдық.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Мердігердің өкілі нақты межелі уақытты айтқан жоқ. Тек жер құрғағанда ғана жұмыс жалғасады деді. Соған қарағанда келесі жылға қалатын сияқты. Жұрттың көмірді қалай түсіріп алатынына шенеуніктер бас ауыртпайтын сыңайлы. Бұқараның енді жер қатқанын күтуден басқа амалы жоқ.

З. Санай