Русский Сайттың толық нұсқасы

Арнайы комиссия Семейдегі қоғамдық көлік жұмысын тексерді

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2020
  • 2630

Семейде қоғамдық көлік қозғалысына қиындықтар жоқ! Ал, аймақ басшысы Даниал Ахметовтың инстаграмдағы парақшасына дәлелсіз жалған ақпараттар берілген. Арнайы құрылған комиссия осындай тоқтамға келіпті. Семейліктердің облыс әкімінің атына жазған шағымы немен аяқталды? Тілші репортажы.

Семейде бүгін 220 автобус жұмысқа шығыпты. Әдетте қалада 260 автобус жүретін. Карантинге байланысты шектеулер бар. Бірақ, дені желіде жүр. Қоғамдық көлік қозғалысына қатысты тұрғындардың нақты ұсынысы бар әрине. Халық көп кезде автобус санын арттыру керек және жүру уақытын созу керек, дейді семейліктер. Бірақ бұл ұсыныстарды шағымданушылар әкім инстаграмына жазбаған. "Бұл арнайы ұйымдастырылған араңдатушылық акция. Өйткені, арызданғандардың 80 пайызы жалған  аккаунттар", дейді басқарма өкілдері.

Ернар МҰСТАФИН, ШҚО ЖОЛАУШЫЛАРЫ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл комментарилердің бәрі төленгендей. Біреуі мысалға, "Достар қоймай жазыңдар", депті. Кейбіреулер 11 пікірге дейін жазған. Ал, Семейліктерден басқармаға ешқандай шағым түскен емес.

«SEMEY BUS» кәсіпорыны осындай хабарламалар арқылы қосымша субсидия алғысы келуі мүмкін. Бұл болжамды жолаушылар көлігі басқармасы алға тартып отыр. Өткен жылы ғана аталған компания бюджеттен 600 млн теңге алыпты. Қаражат "Қоғамдық көлік модернизациясы" мемлекеттік бағдарламасы бойынша берілген. Қомақты сомаға кәсіпорын лизингке жаңа автобустар алуы тиіс еді.

Ернар МҰСТАФИН, ШҚО ЖОЛАУШЫЛАРЫ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


«SEMEY BUS» кәсіпорынының лизинг бойынша 2019 жылдың қыркүйек айынан бері берешегі бар. Одан бөлек компания жалақы, зейнетақы жарнасы сияқты басқа да әлеуметтік төлемдерді уақытылы бермей жүр. Пайда тауып отырса да кәсіпорын мемлекет есебінен автобустар алып қалмақ. Мұның бәрі әлеуметтік желілер арқылы таралуда.


Бұл мәселе жақын арада өз шешімін табуы тиіс. Ақ қарасын ашу мақсатында аймақ басшысының тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, жұмыс жүргізуде. Бұл хабарламаны облыс әкімі Даниал Ахметов бүгін өзінің инстаграмдағы парақшасына жазды.

Д. Мұхаммедкәрім