Русский Сайттың толық нұсқасы

"Астана" телеранасына YouTube -тың «Алтын батырмасы» табысталды

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2020
  • 1145

«Астана» телеарнасына YouTube -тың «Алтын батырмасы» табысталды. Мұндай марапат желіде бір миллион көрермені бар арналарға беріледі. Ал, "Астананың" YouTube-тегі тұрақты көрермені бір миллионнан асып жығылады.  Біздің арна осы күнге дейін  бейне хостингке 40 мыңнан астам материал жүктепті. Әр қайсының өз аудиториясы бар. "Алтын батырма" телеарнаның Бас директоры Құрманбек Жұмағалиге тапсырылды.

Самсон БЕЗМЯТЕЖНЫЙ, YOUTUBE -ТЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ РЕСМИ СЕРІКТЕСІ:

Телеарна ұжымы соңғы жылдары үлкен қарқынмен жұмыс істегені байқалады. Нақты дәлелді де көріп отырмыз. Желіде көремен саны артып, бүгін бейнехостингтің «Алтын батырмасын» иеленіп отыр. Сіздерге әрі қарай да толағай табыстарға жетулеріңізге тілектеспін.

Ғ.Өтемісов