Русский Сайттың толық нұсқасы

Түрксіб ауданында партияішілік бәсекеге қатысқан кандидаттардың ашық дебаты аяқталды

  • AstanaTV
  • 25 қыркүйек 2020
  • 2693

«Nur Otan» партиясының партияішілік сайлау дебаттары аяқталуға жақын. Алматыдағы Түрксіб ауданындағы филиалы ашық дебаттың соңғысы өтті. Праймеризге қатысушы кандидаттар онда сайлау алды бағдарламаларын ортаға салып өз ара пікір-талас өткізді. Жалпы Түрксіб ауданы бойынша 20 үмімткер тіркелген. Олардың арасында, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері және паралимпиада спортшылары да бар. Бәсекеге қатысушылар тұрғындардың тұрмысында туындаған өткір мәселелерді көтеріп, оның шешу жолдарын ұсынды.

Эльдар НИЗАМДИНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКСІБ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Түрксіб ауданы бойынша бүгінге дейін үміткерлер 150-ден аса шара өткізді. Кандидаттар, сайлау алды бағдарламасын таныстырып, праймериз мүмкіндіктерін ашып айтты.

 А. Кемелжан