Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәсіпкерлікке кедергі келтірген шенеунікке қатысты тәртіптік іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 25 қыркүйек 2020
  • 2064

Қостанайда тағы бір шенеунік қызметтік тергеуге ілікті. Осы жолы қалалық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысының үстінен тәртіптік іс қозғалып отыр. Бөлім жетекшісі Ерлан Қазиев кәсіпкерлік кодекс пен «жарнама» туралы заңды ескермеген көрінеді. Шенеуніктің салғырттығынан, жергілікті 1200 кәсіпкер заңсыз салық төлеп келген. Қостанайдағы кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, жалған салық кесірінен бизнес өкілдері 35 млн теңгеге шығындалыпты. Ал, төлемей қойған кәсіпкерлердің есеп-шоты заңсыз бұғатталған. Мәселенің ақ-қарасын прокурорлар ашып отыр. Енді, жауапсыз атқамінерлер жауапқа тартылуы тиіс. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментте қарап қалмады.

Айда БАЖИРОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ  ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Барлық мән-жайларды толық, жан-жақты және обьективті анықтау мақсатында қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізілуде. Қызметтік тергеу 10 жұмыс күні ішінде аяқталады. Шамамен ағымдағы жылдың 7 қазан күні аталған тәртіптік іс Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралатын болады.

Қостанайлық шенеуніктер мен кәсіпкерлер арасындағы түсініспеушілік туралы мұның алдында арнамызда айтылған. Нәтижесінде бұл іске жергілікті құзырлы органдар араласқан.

З. Санай