Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбелік тұрғындар жарыққа жарымай отыр

  • AstanaTV
  • 25 қыркүйек 2020
  • 4402

Электр сымдары үзілсе, өздерің жөндеп алыңдар». Ақтөбелік шенеуніктер тұрғындарға осындай кеңес берген. Бүгін «Astana Times» редакциясына хабарласқан Шанхай мөлтек ауданының тұрғындары осылай дейді. Жергілікті жұрттың жарықты өздері тартып алғандарын айтты. Бірақ 2 жылдан бері электр сымдары үзіліп, жиі жарықсыз қалатын болған. Әкімдік өкілдері болса, оны жөндеуге құлықсыз көрінеді.  "Жер біздің баланста емес" деген сылтау айтады дейді.

Аққанат ҚАЗАҚОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қатты жел тұрса, осылай сөніп қалады. Қиылып қалады. Енді біздің жағдайымызды қарау керек қой. Светтің ақшасы төленбей қалса, осы қиямыз қиямыз дейді. Ал өздері қиылған кезде істемейді анау деген Энергосбыттан. Мынау деген халықты ойламау деген сөз ғой.

Амина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін ақтөбелік атқамінерлерге хабарластық. Дәл қазір осы сұрақ бойынша қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мирас Әжібаев тілдесуге дайын екен. Мирас мырза, қайырлы кеш! Көрерменнің шағымын естідіңіз. Техникалық апат болса, көмекке келмейді дейді? Бұған не дейсіз?

Мирас ӘЖІБАЕВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ ТҮКШ, АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
 
Кеш жарық! Жаңағы айтқан тұрғындардың шағымын естігенбіз. Бұл мәселе бойынша қысқаша айтып кеткенде бұл тұрғындардың жеке желісі болған. Қазіргі таңда, бұл ескі болып атанып тұр. Біз деген тұрғындарға ескеркенбіз, егерде желіні бізге беруге дайын болса, біз қабылдап аламыз. Болашақта өзіміз қызмет көрсетіп, күтіп ұстауға беріңіз дегенбіз.

Амина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Жақсы. Бұл шешілетін мәселе ме өзі?  Өз тараптарыңыздан қолғабыс жасай аласыздар ма?

Мирас ӘЖІБАЕВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ ТҮКШ, АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Мәселенің шешімін жасау үшін олар бізге қалалылық әкімдіктің балансына беру керек деп. Тұрғындар келіп қалалық әкімдікке арыз жазып, әділет басқармасына барып желі иесіз деп танығаннан кейін. Одан кейінгі техникалық процесті өзіміз атқаратын боламыз. Оны балансқа алғаннан кейін ғана, нақты уақытын айтатын боламыз.

Амина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Рақмет, сұхбатыңызға! Сізді сөзінде тұрады деп сенеміз. Біз де мәселе шешімін тапқанша бақылауда ұстаймыз.  Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан өзекті мәселе болса, экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз!

А. Мүтәлі