Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте жалған шот-фактура жазып бергендер ұсталды

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2020
  • 3773

Шымкентте 615 млн теңгенің шот-фактурасын сыйақыға жазып бергендердің қылмысы әшкере болды. Экономикалық тергеу департаменті келтірген деректерге қарағанда, ресми тіркеуі бар серіктестіктің бірі шот фактура жазып беру үшін аталған соманың 6,5 пайызын талап еткен. Жалған құжат дайындаған азаматтар 40 млн теңгені санап тұрған жерінен қолға түсті. Топтың қылмысы сотта дәлелденіп әр қайысы үш жылдан шартты түрдегі жазасын алды. Сот олардың кәмелеттік жасқа толмаған балалары барын ескерген екен. Бұл Шымкентте тіркеліп отырған бірінші қылмыс емес. Жыл басынан бері осыған ұқсас қырық қылмыстық іс тіркеліп, оның бесеу сотқа жетті.

Камилхан ИСМАИЛОВ, ШЫМКЕНТ қ. БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:


Шын мәнінде ол іс-әрекеттер орындалмаған. Қызметтер атқарылмаған. 216 бапқа сәйкес бұл құқықбұзушылық қылмыстық жауапкершілікке алып келеді. Үкім заңды күшіне енді. Төрт азамат үш жылға бас бостандығынан айрылды шартты түрде.  

А. Төребекқызы