Русский Сайттың толық нұсқасы

«Jas Otan» ораторлық шеберліктен тегін сабақ өткізіп жатыр

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2020
  • 2584

Ел тұрғындары ораторлық өнер мен сахна шеберлігі сабақтарын тегін үйреніп жатыр. Мұндай мүмкіндікті оларға «Jas Otan» жастар қанаты беріп отыр. Онлайн форматтағы дәріске бір мезетте 5 мыңға жуық адам қатыса алады. Ниет білдірушілердің жас айырмасында да шектеу жоқ. Мектеп оқушысынан бастап, қарт кісілердің де сабаққа қатысуға мүмкіндігі бар. Оқудың өзі қос тілде, аптасына екі рет өткізіледі. Ел азаматтарына мұнда ораторлық шеберліктен бөлек, интернет-маркетинг жүйелері туралы да ақпарат беріледі. Жасотандықтар онлайн сабақты бәріне ыңғайлы уақытқа қойыпты. Дәріс кешкілік уақытта өтеді.

Ләззат СЫБАНҚҰЛОВА, ШЕШЕНДІК ӨНЕРІНІҢ ШЕБЕРІ:

Жалпы, жастарға керек. Өйткені, кез келген адам халықтың алдында қысылмай сөйлеуі үшін, ұяңдықтан, ынжықтықтан, өзіне өзі сенімсіздікті жою үшін ораторлық жалпы ауадай қажет ойлаймын.

Айгерім СЕРІКЖАНОВА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ «JAS OTAN» ЖҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

Нәтижесінде оқуды соңына дейін оқыған, тестуілеуден өткен жастар сертификат алады. Сабақты кешкі уақытқа қойдық. Себебі жастардың көбісі күндіз жұмыс істесе, кешкі бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін кешкі уақытқа қойдық.

А. Мүтәлі