Русский Сайттың толық нұсқасы

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген сот үкімі шықты

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2020
  • 2205

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты сот үкімі шықты. Алматыдағы әскери сот 7 адамды айыпты деп танып отыр. Олар, 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сот үкіміне сәйкес 3 азамат жаппай тәртіпсіздікке қатысқан үшін, екеуі заңсыз бейберекетке шақырғаны үшін, қалған екеуі тәртіпсіздік кезінде ұрлық жасағаны үшін жазаланып отыр. Бұдан бөлек сотталғандарға 20 айлық есептік көрсеткіш түрінде айып пұл салынды. Қамауға алынған азаматтар айыбын мойындамай, сот үкімімен келіспейтіндерін айтты.

Алмат ТІЛЕУҒАЛИЕВ, СОТТАЛУШЫ:

Өз-өзіме қол жұмсадым. Себебі, заңсыз айып таққаны үшін. Менің үстімнен заңсыз айып тағылды. Мен барғанымды мойындаймын, кісі өлтіріп, ұрлыққа ешқандай қатысым жоқ. Заңсыз соттап жатыр. Әділ үкім шығарсын деп тілеймін.
–не істейсіз әрі қарай? –аппеляциялық шағым беремін.


Мырзағали ДҮЙСЕНБАЕВ, СОТТАЛУШЫ:

Мен такси болып барғанмын. Ұрлық жайында ештеңе білмегем. Соның бәрін тергеп, біліп тұрса да алты жылға соттап жіберді. Кішкене жеңілдік қарастырса бола ма деген ойдамын.


А. Кемелжан