Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте көпбалалы ананы тонап, зорламақ болды деген күдікті ұсталды

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2020
  • 1814

Шымкенттен 4 балалы келіншек зорлана жаздады, деген хабар кешелі бері әлеуметтік желіні шулатып жатыр. Бастапқы ақпаратта, белгісіз біреу көпбалалы ананы қорқытып, тонап тіпті зорлап кете жаздады делінген. Кейіннен күдікті ұсталды. Полицияға ол, "жеңіл жүрісті келіншектің өзі ұсыныс жасады", деп түсінік берген. Мәселенің анық қанығын шымкенттік әріптесім Айзада Төребекқызы анықтап көрді.

Бұл, "Зәбір көрдім", деген келіншектің полицияға айтқаны. Сөзіне сенсек, кешкі сағат 10 шамасында оны бейтаныс біреу ұрып-соғып тонапты.

ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Ол мені қолымнан сүйреп, дүңгіршек артына әкелді. Ұрып, қылқындыра бастады. Зорламақшы болғанда жалынып, әрен көндірдім. Әмиянымда 500 теңге бар еді соны алды. Қолымдағы алтын жүзігімді шешіп, телефонымды да алып қойды.

Жәбірленуші келіншек ешкімнен көмек сұрай алмағанын алға тартады. Кейіннен полиция шақыртыпты. Шұғыл жеткен тәртіп сақшылары күдіктіні сол маңнан ұстаған. Алайда, сезікті мүлдем басқа оқиғаны баяндады. "Келіншектің өзі жыныстық қатынас ұсынды", дейді ұсталған азамат.

КҮДІКТІ:

Нанға кетіп бара жатқан едім мына қыз алдымда кездесіп қалды. Вы извините, вы можете мне помочь деді. В чем деп едім «чуть-чуть денги не хватает, хотели водку купить деді. Я не пожалею для вас дедім, а вы что делаете дедім. Подождиде подождите деді да мені бұрышқа алып кетті. Мені бұрышқа ап кетті да.

Оқиғаға қатысты келіншектің өзімен сұхбаттасу мүмкін болмады. Ол, тілшілермен кездесуге үзілді-кесілді қарсы. Таныстарының айтуынша, көп балалы ана осы уақытта емделіп жатқан көрінеді.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ:

Бұл тура Абай даңғылының бойында орналасқан, екі  дүңгіршектің ортасы сәл қалтарыстау жер екен. Жергілікті тұрғындардың айтуынша бірақ мұнда ешқандайда айқау-шу, бөгде жағдайлар болған емес. Тек мұнда үлкен жылу құбырлары өткендіктен көбіне тұрғылықты мекен-жайы жоқ, яғни қаңғыбастар күн суықта түнеп шығады екен.   


Қалай болғанымен бұл іс жергілікті полиция тергеуінде. Қылмыстық іс қозғалды ма жоқ па? Тәртіп сақшылары әзірге ақпарат таратпай отыр.

А. Төребекқызы