Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда экономикалық соттың төрағасы жұмыстан қуылмақ

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2020
  • 2679

Павлодарда пара алды деп күдікке ілінген экономикалық соттың төрағасы Талғат Тағажай жұмыстан қуылмақ. Бұл туралы Жоғары сот кеңесінің сот алқасы шешім шығарған. Судья осы жылдың наурызында кәсіпкерлердің бірінен 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікпен, ұсталған. Кейін жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері оның пара алуға оқталғанын айтып, қылмыстық істі тоқтатқан болатын. Десе де, қызметінен уақытша шеттетілген судья Талғат Тағажай енді бұл лауазымға қайта келмейтін болды.
 
Маржан ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Тағажай судья әдебіне қайшы келетін, атына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босатау туралы жазанының қолданылуы мен тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Ө. Қуанар