Павлодарда "Nur Otan" партиясының праймеризіне қатысушылар арасындағы пікірсайыс кезеңі аяқталды. Бүгін - соңғы айналымда - 9 үміткер өзара сынға түсті. Кандидаттардың тартысын, аймақ әкімі Әбілқайыр Ысқақов тындады. Үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларымен танысып, қоғамда қордаланған түйткілдерді ортаға тастады. Қатысушыларды бала тәрбиесі, аймақтың дамуы алаңдатады.
Шыңғыс НҰРЛАНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Негізі осы праймериздің мақсаттарының бірі осы бәсеке негізінде партия ішінен ең мықты деген көшбасшыларды іріктеп алу. Партиямыздың ең бірінші праймериздегі қағидаттарының бірі ол – мықты көшбасшы, мықты партия.
Өңірде праймеризге жалпы саны 560 адам қатысты. Оның 30 пайызы қыз-келіншектер. Жартысынан көбі 35 жасқа дейінгі жастар. Ертең басталатын дауыс беру науқанына аймақтағы партияның 48 мың мүшесі қатысады. Өңірде қазір 149 сайлау учаскесі әзірленген.
Илья ТЕРЕНЧЕНКО, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Сайлау кезінде санитарлық талаптар сақтау жіті назарда болады. Дауыс беру онлайн форматта да жүреді. Ал интернеті жоқ елді-мекендерде дәстүрлі, яғни бюллетень арқылы дауыс береді. Сондықтан барша партияластарымды лайықты кандидатқа дауыс беруге шақырамын.
Ө. Қуанар