Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда өртенген үйден екі бүлдіршіннің денесі табылды

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2020
  • 3072

Тараздан қайғылы хабар жетті. Баспана өртеніп, бір отбасының екі бүлдіршіні қаза болды. Алдын ала болжам бойынша балғындар улы газға тұншыққан. Төтенше жағдай мамандары ересектер балаларды сыртынан құлыптап кеткенін айтты. Қара жамылған отбасы марқұмдарды түс ауа жер қойнына тапсырды. Оқиға орнынан аймақтағы әріптесім жалғастырады.

Баспананың өртке оранғанын көшедегі адам байқап, мамандарды шақыртыпты. Қызыл жалынды төтенше жағдай мамандары өшірді. Жанған үйден екі баланың мәйітін тапқан.

Мақсат ҚОСЫБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ м.а:

Өртті 20 минутта толық жойып, сол бөлмеден жанған спичканың қалдықтары табылып отыр. Сондықтан сол балалардың отпен ойнауынан деген болжам бар. Балалар қараусыз қалған. Сыртынан есік жабулы болған. Сол себепті балалар сыртқа шыға алмаған болуы тиіс.

Уланып қайтыс болған балалардың бірі 3 жаста, екіншісі 2-де болған. Ересек - 2-ші сыныпта оқитын әпкелері мектепке сабаққа кетіпті. Әкесі жұмыста, ал аяғы ауыр анасы емханаға қаралуға кеткен беті екен. Қайғылы жағдайдан көршілерде хабарсыз болып шықты. Естігенде есеңгіреп қалғандарын айтады.

БЛИЦ:

- Сигнал берді машина не болып қалды деп шықсам, машина толып кетіпті. Қарасам пожарный машина милиция келіп жатыр әй не болып қалды десем үй өртеніпті деді

- Оны біз естігенде жоқпыз бізде пластиковый ғой айналаның бәрі естіген де көргенде жоқпыз. Қайсы көрші десем 14 дейді не болды десем екі баласы өртеніп кетіпті, ойбай деп жүгіріп шықтық қой.


Көршілері қайғыдан қан жұтқан бұл отбасымен жақсы араласады екен. Бақилық болған бүлдіршіндермен, балаларымыз көшеде жиі ойнаушы еді деп отыр. Балғындардың денесін туыстары түс ауа жер қойнауына тапсырды.

Жерлеу рәсімі мен керекті азық-түлікті, қалалық әкімдік өз мойнына алыпты. Қазір сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Өрттің шығуына не себеп болғанын енді арнайы құзырлылар анықтамақ.
   
Б. Жұмабайұлы