Русский Сайттың толық нұсқасы

Рудныйда екі әйелді қатігездікпен өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2020
  • 2780

Рудныйда екі әйелді аса қатыгездікпен өлтірген қылмыскер өмір бойыға бас бостандығынан айырылды. Қостанай сотында келтірілген деректерге қарағанда, 39 жастағы Сергей Пахтусов екі әйелді өлтіріп, олардың денесін бөлшектеп балконға тығып қойған. Ол мұның алдында да адам өлтіріп 18 жыл отырып шығыпты. Осыны ескерген сот Пахтусовқа қатысты қатаң үкім шығарды. Айыпталушы, айыбын толық мойындап отыр.

Зәуре ЕДИКОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Қайтыс болған әйелдердің мүгедектігі болғандығын айта кету керек. Сот өмір бойына бас бостандығынан айырып, қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемелерінде  өтеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, қанды оқиға Рудный шаһарында осы ақпан айында болған. Сергей Пахтусов кездесіп жүрген келіншекті жалдамалы пәтерде бауыздап өлтірген. Марқұм өлер алдында әжесіне SMS хабарлама жіберіп үлгерген екен. Қаніпезер оны біліп қалып, зейнеткерді үйіне іздеп барып өлтіріпті. Артынан олардың денесін бөлшектеп балконға жасырған. Полиция Пахтусовты, әжейдің үйінің маңында тұрған бейнебақылау камералары арқылы тауыпты.

З. Санай