Атырауда перзентханадағы мұздатқышқа салынған шақалақ, туғанда өздігінен тыныс алған. Сараптама осындай қорытынды шығарыпты. Бұл туралы бүгін сот отырысында белгілі болды. Қоғамдық резонанс туғызған қылмыстық істе куәгерлерден жауап алу жүріп жатыр. Сот отырысан қатысып қайтқан аймақтағы әріптесім толықтарды.
Сот отырысына Қарағандыдан сот медициналық сараптама орталығы маманы ғаламтор арқылы онлайн қосылды. Куәгер ретінде қатысып жатқан орталық маманы жаңа туған нәресте өздігінен тыныс алған деді. Оған өкпеге жиналған оттегі - дәлел бола алатынын айтты. Сараптама л былтыр қараша айында жүргізген.
Венера ШЫҒАПОВА, КУӘГЕР:
Нәрестенің өкпесі тірі баланікі сияқт, өздігінен тыныс алған. Сәбиде өкпесі оттегіге толған кезде формасы өзгереді. Тағы бір белгісі капилляры оттегіні жұтқанда қанға толған. Мұндай белгілердің барлығы баланың тыныс алғанын дәлелдейді.
Шақалақтың мұздатқышқа бармай тұрып, тыныс алғанын Нұр-Сұлтаннан байланысқа шыққан әріптестері де растады. Астана медициналық университетінің қызметкері гистологиялық зерттеу жасаған.
Кенжеқыз МАНЕКЕНОВА, КУӘГЕР:
Мен гистологиялық зерттеу нәтижесінде өкпесі ауаға толған. Нәресте тыныс алған.
Байланыстың нашарлығынан өзге өңірлердегі куәгерлерден жан-жақты жауап алу мүмкін болмады. Бұл - айыптаушылар мен адвокаттардың ашуын туғызды.
Мемлекеттік айыптаушы куәгерге "нәресте туылғанда дәрігерлер дер кезінде тиісті көмек көрсетпеген бе?» деген сауал жолдады. Бірақ бұл сұраққа басты айыпталушы, перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев қарсы шықты.
Қылмыстық істің сотта қаралып жатқанына 4 айдан асты. Жаға ұстатарлық жағдайға қатысты бас дәрігерден бөлек, оның төрт әріптесі айыпталып отыр. Олар базадағы құжатты өзгертпеу үшін тірі туған шақалақты мұздатқыш камерада қалдырды деп күдікке ілінген.
Б. Надирқызы