Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында есірткі тасымалымен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2020
  • 2928

Есірткі тасып қолқа түскен қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты. Жамбыл облыстық соты шешімімен 9 айыпты 10 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сотта айтылған дәлелді деректерге қарағанда қылмыстық топ есірткі заттарын Қырғыз Республикасынан әкеліп жүрген. Олардың көлеңкелі бизнесі өткен жылы әшкере болды. Криминалдық полиция басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық топты 2019 жылдың қаңтар айында құрықтады. Есірткі заттарын олар Елордаға жеткізіп отырған.

Гүлсара МҰҚТАРҚҰЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

 
Заңсыз айналымнан 2,5 тоннадан астам түрлі есірткі заттары. Оның ішінде 1,5 келі героин, 55 келі гашиш пен 2,5 келіден астам синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.


Б. Жұмабайұлы