Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттегі Ынтымақ -2 шағын ауданы әлі күнге өркениетке жарымай отыр

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2020
  • 3655

Шымкенттің іргесінде көгілдір отын, жол және ауыз суға жарымай отырған аудан бар. Үшінші мегаполистегі Ынтымақ -2 тұрғындары қоғамдық көлікке зар болып жүр. Ықшам аудан мәселесі біздің арнамызда бұған дейін де айтылған. Жергілікті шенеуніктердің уәдесіне қарамай "баяғы жартас, сол жартас" қалпында тұр. Айзада Төрбекқызы тарқатсын.

Ынтымақ-2 шағын ауданы тұрғындарының "барар тауы, басар тасы қалмады". Әкімдіктің табалдырығын тоздырып болғалы қашан?! Ауыл мәселесі ақпарат құралдарында да бірнеше рет айтылды. Біздің арнамыз да ауданның "жоғын жоқтаған." Алайда, мәселе мұнда сол күйлі өзгеріссіз. Шененуніктер түгіл қоғамдық көліктер бұл ауданға бас сұғатын емес. Жолсыз ауылды олар айналып өтіп кетеді, екен.

Жанат ЕСТАЕВ, ЫНТЫМАҚ-2 ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жолды бастады да бітірмеді до конца. Енді маршруттар қатынамайды жол жаман болғаннан кейін.  Такси жалдап келеміз кейде. Олар мына жерге алып келу үшін кішкентай жерден жаман жолымызды сылтау қылады да 1500-2000 алады үйге келгенше.

Жауынды күні ауданда қозғалыс тіпті қиын. Таксидің де қоғамдық көліктің де мұнда келгісі жоқ. Автобустың кейбірі жолаушыны тіпті орта жолдан түсіріп кетеді екен.

Таңшолпан ӨСЕРБАЕВА, ЫНТЫМАҚ-2 ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ал былай объездге қарай жаяу түсетін болсақ ол деген 3 шақырым біз жаяу жүреміз, қолымызда бөпе бар, коляска бар.

Бұл ауданға көлік түгіл көгілдір отын келетін емес. Газ ауыл тұрғындары үшін ертегіге айналған. Ал, интернет мұнда нағыз бас ауруы. Жағдайы барлар баласын мектепке апарады. Қалғандары ұялы телефонға күні бойы телміріп отырады екен.

Каналбай АҚБАЕВ, ЫНТЫМАҚ-2 ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мектепке үш күн барады ғой, үш күн оқытамыз. Онлайн арқылы оқыта алмай жатырмыз.  

Қаламқас МОЛДАШЕВА, ЫНТЫМАҚ-2 ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Онлайнмен оқып жатқан жоқ. Интернет ұстамайды. Үйде де ұстамайды, сыртта да ұстамайды, сонымен балаларымыз оқуды қойып қазір ойнап жүр. Ешқандай білім жоқ балаларда.


Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Шағын аудандағы өзекті мәселенің тағы бірі –ауыз су.  Көріп тұрғанымыздай әр аулада мына секілді үлкен-үлкен ыдыстар, жасанды құдықтар қойылған. Тіршілік нәрін мұндағы жұрт ақшасына сатып ішеді.

"Шикі су - у ішкенге тең", дейді аудан тұрғындары. Қайнатып ішкен адамның өзі жиі ауырып қалатын көрінеді.

Жаңабай МЕЙІРМАНОВ:
 
7 жылдан бері тұрып осы суды ішеміз. Привазной су алып келінеді. 2,5 мыңнан сатып аламыз әр машинасын. Сәл көбірек құйсақ құрттап кетеді іші. Балаларымыздың ішінің бәрі құрт.

Түсіру тобымызды естіп ауданға жергілікті атқамінерлерде келген екен. Айтылған мәселелер жуырда шешіледі, деп сендірді.

Бұхарбай ПАРМАНОВ, АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:


Жолдар салынған. Енді тек қана Әл-фараби көшесіне қосылатын ғана жері қалды.Оның бәріне қаржы бөлінді. Үйлер алынғаннан кейін ендігі жылы жолдың құрылыстары бітеді. Ауыз су мәселесі -1 млрд 200 млн теңге қаржы бөлінді.Г аздың қысымы Шымкент қаласына жетпейді. Енді оған 7 млрд теңгені республикалық бюджеттен қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы бұл мәселені шешті. Декабрь айында бұл бітеді.


Өркениеттен ажырап қалған жұрт мәселесі жуырда шешіледі деген үміт бар. Алайда, атқамінерлердің айтқанына халық нанатын емес.

А. Төребекқызы