Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңа салық кодексі қабылданғанда бюджет түсімі 24 млрд теңгеге кемиді - Р. Даленов

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2017
  • 2705

Ал елімізде жаңа салық кодексі қабылданғанда, бюджет түсімі 24 млрд теңгеге кемиді. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді. Құжат бүгін Мәжілісте таныстырылды. Тақылау барысында депутаттар мұның себебін сұраған. Вице- министр бизнеске көптеген жеңілдіктер жасалғанын айтты. Әйтсе де мәжілісмендер алаңдаулы. Ал Дәленов мырза, триллионға жуық қаржыны құрайтын Қазақстан бюджеті үшін 20 миллиард теңге үлкен шығын емес, дейді. Оның үстіне қазына бір жағынан ортайса, бір тұстан ұтатын тұсы да бар көрінеді 

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары:

Көмірге рента салығының ставкасы көтеріледі. Бұл қосымша түсім болып есептеледі. Арнайы экномикалық аймақтан корпоративті табыс салығы алынып тасталғанымен, онда да қосымша түсім болады. Осындай тиімді тұстары бар.