Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық ұстаздарға 40 миллион теңге сыйақы берілді

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2020
  • 3282

Ұстаздарға құрмет. Елорда әкімі Алтай Көлгінов мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Оларға 40 миллион теңгенің сыйақысы үлестірілді. Балаға білім мен тәрбиені қатар беретін ұлағатты жандардың қатысуымен өткен шара туралы келесі бейнематериалда.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Биыл енді ерекше жыл соған қарамай сіздер алғышепте біздің балаларымыз яғни біздің орнымызға келетін адамдарды тәрбиелеп жатырсыздар жай қарапайым сөзбен айтқан кезде. Сондықтан баршы мұғалімдер қауымын осы кәсіби мерекмен шын жүректен құттықтаймын.

Жыл басында тосыннан келген індеттің салдары білім саласына да орасан әсерін тигізді. Оқушылар қашықтан оқуға көшуге мәжбүр болды. Әрине, бұл жерде мұғалімдердің еңбегі өлшеусіз. Бүгінде елордада 17 мыңнан астам мұғалім қызмет етеді. Соның бірқатары қала басшысының марапатына ие болды. Олар: үздік педагогтар мен авторлық бағдарламаларымен жетістікке жеткен ұстаздар.  

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Сонымен бірге, біз үздік оқу орындарына жергілікті бюджеттен грант бердік. Гранттың сомасы ол 9 миллион теңгеден астам. Ол да өзінің еңбегіне тиісті нәтижеге қол жеткізгендігінің үлкен бір бағасы деп санаймыз.

Нұр-Сұлтандық ұстаздарға "Халық алғысы", "Еңбек ардагері" медальдары мен "Білім беру ісінің құрметті қызметкері", "Ыбырай Алтынсарин" төс белгілері тағылды. Бұдан бөлек, биыл бірінші рет «Нұр-сұлтан қаласының құрметті педагогы» медалімен 17 педагог марапатталады. Олардың әр қайсысына 833 мың теңге көлемінде сертификат табысталды. Соның бірі - ширек ғасырлық еңбек өтілі бар №37 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Ботагөз Қарбаева.  

Ботагөз ҚАРБАЕВА, № 37 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ:

Төл мерекемізде бізді қадірлеп, құрметтеп  бізді бағалап жатқанына өте қуаныштымын. Барлық ұстаздарға келіп жеткен төл мерекелері құтты болсын демекпін. Ұстаздарға шығармашылық табыс, ең бірінші байлық денсаулық дейді ғой, денсаулық тілеймін.

«Педагог мәртебесі туралы» Заңды орындау шеңберінде астаналық мұғалімдерге 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақы төленген. Сонымен қатар теле-сабақтың қатысушылары да құр қол қалмады. Айта кетейін, қала әкімдігі мұғалімдердің тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында, қазақстандық ипотекалық компаниямен бірлесіп мың әлеуметтік пәтер беруді жоспарлап отыр.

А. Данияр