Русский Сайттың толық нұсқасы

Әзірбайжан Қазақстанның қолдауына мұқтаж, - Р. Мамедов

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2020
  • 2329

Қайғылы жағдай Қазақстанның саяси және моральдық қолдауына мұқтаж. Бұл туралы Қазақстандағы елші Рашад Мәмедов журналистерге берген сұхбатында айтты. Ол қазақ елі, Арменияға көмектесеме деп алаңдайды. Себебі, мемлекеттер арасында Ұжымдық Қауіпсіздік жөнінде келісім бар. Ал, оның шартына сәйкес, қажет болғанда олар бір-біріне көмек беруі тиіс. Елші мәселені бейбіт жолмен шешуге Қазақстан ықпал етеді деп сенеді.

Рашад МӘМЕДОВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЗІРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

Біз Қазақстанның моральдық, саяси қолдауына мұқтажбыз. Біз ешбір жағдайда Қазақтанның тыныштығы бұзылғанын қаламаймыз. Қазақтар бізге бауырлас халық. Біз осы елдегі бейбітшілікті көздің қарашығындай қорғайтын боламыз. Армян халқына да ешқандай қарсылығымыз жоқ. Бастысы біздің президент айтқан шарттарды орындаса жеткілікті. Жерімізді қайтарып, әскерлерін ол аймақтан шығаруы тиіс.

Айта өтейік, 27 қыркүйекте басталған қақтығыс әлі басылған жоқ. Оның зардабын бейбіт халық көріп жатыр. Құрбан болғандардың саны туралы да нақты ақпарат әзірге жоқ. Қазақстан тарапы да жағдайдың ушығуына алаңдаушылық білдіріп, қос елді келіссөз жүргізуге шақырды. Әлем елдері мен халықаралық қауымдастықтар да сабырлыққа үндеді. Алайда, майдан әзірге тоқтайтын емес.

А. Мүтәлі