Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбелік оқушыларға уәде етілген 19 мың ноутбук пен 2 мың планшет әлі жеткізілмеген

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2020
  • 1960

Ақтөбе облысында қашықтықтан оқып жатқан оқушыларға уәде етілген ноутбуктар мен планшеттер әлі жеткізілмеген. Қыркүйектің онына дейін әкеліп, таратылуы тиіс болған техникадан, әлі күнге хабар жоқ. Амалы таусылған білім басқармасы енді мердігерлерді сотқа бермекші. 19 мың ноутбук, 3 мың компьютер мен планшеттерге облыс бюджетінен 1 млрд теңге бөлінген. Одан бөлек республикалық қазынадан шамамен 3 млрд теңге беріліпті. Қомақты қаржыға үш бірдей мердігер қажетті техниканы жеткізіп беруді мойнына алған.

Ақмарал МЫРЖЫҚБАЕВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мына пандемияға байланысты келісім шартта 10 қыркүйекте әкелу керек болса, олар бізге кешіктіріп жатыр. ҚР заңнамасына сәйкес біз ол мердігерлерді сотқа береміз міндетті түрде. Сол тауарларды уақытында жеткізбенгі үшін өздерінің келісім шартта қаралған штрафтық санкциялары бар міндетті түрде оларға қолданылады.

Б. Рақметова