Русский Сайттың толық нұсқасы

Праймеризде партиялықтардың 84,2 пайызы дауыс берген

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2020
  • 2274

«Nur Otan» праймеризінде сайлаушылардың дауыстарын санау аяқталды. Партияішілік іріктеуге 600 мыңнан астам адам қатысты. Бұл партиялықтардың 84,2% - ын құрайды. Олардың көпшілігі өз таңдауын онлайн форматта жасапты. Бұл туралы партия хатшысы Арман Қырықбаев Фейсбуктегі парақшасында жазды. Мәліметтердің барлығы «Праймериз» ақпараттық жүйесіне жүктелгенін хабарлайды. Сондай-ақ праймериз өткізу ережесін бұзғаны үшін партияның 20 мүшесі жауапкершілікке тартылғанын мәлім етті. Құқықбұзғандар арасында дауыс бұрмалау фактісі де тіркеліпті. Заңсыздыққа жол бергендер партия қатарынан шығарылған.  

Арман ҚЫРЫҚБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Жоғары көрсеткіштің өзі-ақ елімізде ғана емес, бүкіл Орта Азияда тұңғыш рет ұйымдастырылған жаңа саяси құрал – праймеризге жұрттың ерекше қызығушылық танытқанын және оның өз деңгейінде өткенін айқын көрсетті. Партия елімізде жаңа саяси мәдениетке негіз қалады. Партиялық іріктеу, соның ішінде қызу қоғамдық пікірталас, жаңа идеялар мен бағдарламалардың өткір бәсекелестігі кейінгі сайлау қарсаңында дәстүрге айналатынына сенімдімін.

Ғ.Өтемісов