Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жұмысшы жастар арасында «Дүйсенблік футбол» ойыны басталды

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2020
  • 2106

Алматылық базар, шаштараз және көлік жөндейтін орталықтарда жұмыс істейтін жастар арасында футболдан турнир басталды. "Дүйсенбілік футбол", деп аталған турнирді қалалық «Jas Otan» жастар қанаты ұйымдастырып отыр. Мұндағы мақсат 35 жасқа дейінгі жастар уақытын дұрыс ұйымдастырып оларды спортқа баулау. Жігіттер 15 командаға бөлініп өзара сайысқа түскен. Мықты командаларға арналған ақшалай сыйақы да бар. Бірінші орын иеленген топқа 300 мың теңге берілсе, екінші орынға 200 мың, ал үшінші орынға 100 мың теңге тағайындалған. Ойын барысында шеберлік танытқан жастарға да жекелеген сыйлықтар бар.

Мәди АХМЕТОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ «JAS OTAN» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Келесі аптаның дүйсенбі күні біз финалға шыққандарды анықтап, жүлдені табыстайтын боламыз. «Jas Otan» жастар қанатының 20 жылдығы аясында арнайы өткізіп отырмыз. Іс-шараны ұйымдастыру аясында барлық карантиндік ережелер қатаң сақталуда.


А. Кемелжан