Русский Сайттың толық нұсқасы

Интернет орнатамыз деп жинаған 3 миллион теңге қайда кетті?

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2020
  • 3031

Интернетте жоқ, ақша да жоқ. Бүгін арнамызға Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына қарасты Нүркен ауылы тұрғындары хабарласты. Олардың айтуынша осыдан 5 ай бұрын ауыл әкімдігі әр үйден ғаламтор тартуға қаражат жинаған. Қашықтықтан оқу үшін қажет екенін түсінген ауылдықтар 20-30 мың теңгеден бергендерін айтады. Енді 3 миллион теңге қайда кеткенін білмей дал.

Еркебұлан, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ НҮРКЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

3 миллиондай ақша жинады, сеть орнатамыз деп.  Интернет, сеть деген мүлдем ұстамайды, ұялы байланыс ұстамайды. Содан жоқ әлі күтеудеміз. Онлайн сабақ деген қиын болып жатыр, оқи алмаймыз. Сол үшін ауданға барамыз. Ауданнан оқимыз.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
 
Осы мәселе бойынша Қарағанды облысының атқамінерлеріне хабарласайық. Қазір бізбен тікелей байланыста Ақтоғай ауданы Нүркен ауылдық округінің әкімі Жантемір Құдайбергенов бар екен. Жантемір мырза, қайырлы кеш! Сіз тікелей эфирдесіз! 5 ай бұрын ақша жинап алыпсыздар. Демек қаражат бар. Неге әлі күнге ғаламтор тарта алмай отырсыздар?

Жантемір ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ АҚТОҒАЙ АУДАНЫ НҮРКЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Қайырлы кеш! Сіздің сұрағыңызға жауап беретін болсам, ұялы байланыс жүйесінің қосылуының тежелу себебі: қазір елімізде болып жатқан карантин мен төтенше жағдай кері әсерін тигізді.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Жантемір мырза түсінікті. Енді нақтылап айтсаңыз бұл мәселе қашан шешіледі? Халық тағы қанша уақытқа дейін күтпек?

Жантемір ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ҚОСТАНАЙ о. АҚТОҒАЙ АУДАНЫ НҮРКЕН А/О ӘКІМІ:

Жасалып жатқан жұмыстарға тоқталар болсам, машиналық құрылғы орнатылды. Енді осы сенбі трансформатр орнатылады. Бірақ жауапты мердігер компания мен абенттік компания жыл соңына дейін қалған құрылғы станцияны қосамыз деп жоспарлап отыр.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сұхбатыңызға рақмет! Нүркендік тұрғындардың проблемасын уәде етілген мерзімде шешіп бересіздер деп сенейік. Мәселе шешімін тапқанша, біз өз бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған жайттар болса, төтенше жағдайдың куәсі болып жатсаңыз - экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласыңыз. Аудио немесе видео жолдаңыз. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз


А. Данияр