Русский Сайттың толық нұсқасы

COVID-19-ге қарсы анықтамасы жоқ қазақстандық туристер карантинге жатқызылады

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2020
  • 3091

Шетелден келген 400 жолаушы COVID-19 анықтамасы болмағаны үшін карантинге жатқызылды. Олар коронавирустық инфекция бойынша сынама тапсырып, нәтижесі шыққанша 2 күн бойы бақылауда болады. Жолаушылар Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы карантиндік стационарға алынады. Дәрігерлер қарауына түскен туристер, Түркия, Біріккен Араб Әмірлігі, Оңтүстік Корея, Ресей және Беларусьтен ұшып келген. Барлығы Қазақстан азаматтары. Елордадағы қоғамдық денсаулық сақтау басқарамасының хабарлауынша, жолаушылардың басым бөлігінен қытайлық індет анықталмапты. Бойынан короновирус табылмаған 113 алматылық үйлеріне жіберілді. Алайда, олар 1 апта бойы тұрғылықты жердегі емхананың бақылауында болуы тиіс.

Әйгерім АРДАҚҚЫЗЫ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазанның 5-інен 6-на қараған түні Елордаға 4 халықаралық рейс келіп қонды. Барлығы 478 жолаушы. Оның 150-і оқшауланған болатын. Қазіргі уақытта барлығының ПТР сынамасы теріс нәтиже көрсетуіне байланысты үйлеріне босатылып жатыр. Стационарларға жатқызылғандарың арасында 26-ы бала, 2 жүкті әйел бар.

Балалар демекші, пандемия басталғалы індет 2 жарым мыңнан астам баладан анықталған. Оның 138-і мектеп оқушылары. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми ақпаратына сәйкес, оның 52-сі кезекші сынып оқушысы. Қалған 86-сы қашықтан білім алып жүрген жасөспірім. Бұдан бөлек, Қостанайдағы мектеп-интернаттың 1 оқушысының инфекция жұқтырғаны белгілі болды.  

А. Данияр