АҚШ федералды қауіпсіздік қызметі қаржы жүйесінен қолма қол ақшаның бір бөлігін алып тастамақ. Рейтерстің хабарлауынша, бұл қаржы-несиелік саясатты күшейтудің жаңа амалы. Осылайша АҚШ үкіметі мен ипотекалық агенттіктердің 2008-2014 жылдар аралығында сатылып алған борышкерлік қағаздардан біртіндеп арылуына жол ашпақ. Ай сайын құны 6 млрд доллар болатын реинвестицияланған облигациялар мен 4 млрд долларды құрайтын ипотекалық қағаздар саудаланады. Үш айдан соң бағдарлама көлемі 12 және 8 млрд долларға ұлғаяды.
Алдын
ала болжам бойынша, 2018 жылдың аяғына дейін алынып тасталатын ақша көлемі 500
миллиард долларды құрайды. Атап өтерлігі, АҚШ Федералдық қоры, негізгі жылдық
мөлшерлемені өзгертпей, 1-1,25% көлемінде қалдырды. Бұған қатысты сарапшылар
болжам жасауға асықпайды. Тек «америка көк қағазының» курсы әлемнің басқа
валюталарына қатысты өсетіні айдан анық деп жорамалдап отыр. Ресейлік
сарапшылар бір доллар 62-67 рубльге дейін қымбаттайтынын болжауда. Ал Қазақстан
экономикасының Ресеймен етене байланысты екенін ескерсек, бұл жағдай теңгені де
айналып өтпеуі мүмкін. Айта кетейік, бүгінде Ұлттық валюта бағамы долларға
шаққанда 340-341 теңге деңгейінде қалып отыр.