«ЭКСПО»
көрме кешені төңірегіндегі жымысқы әрекеттер енді қатаң бақыланады. «Астана
ЭКСПО-2017» ҰК мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы арасында
серіктестік келісімі мақұлданды. Тараптар көрме құрылысындағы ашықтық принципін қамтамасыз етуге келісті. Құжатқа ұлттық
компания басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов пен ұлттық бюроның төрағасы
Қайрат Қожамжаров қол қойды.
Қайрат
Қожамжаров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы:
Жемқорлықтың
қандай да бір белгілері турасында өзара ақпарат алмасу маңызды. Бірлескен
жұмысымыз қызметкерлер тарапынан сыбайластықтың алдын-алуға, сондай-ақ
компаниялармен жөн-жосықсыз келісімшарттар жасасуға жол бермеуге
бағытталған.
Ахметжан
Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
Біз
осында жобаға қатысушы барлық компанияларды, бас мердігерлерімізді шақырдық.
Бұл біреулерді қорқыту үшін емес, құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін жасалып
отыр.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА