Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада алаяқтық жасады деген күдікпен полицейлер ұсталды

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2020
  • 3342

Қызылорда облысының полиция басқармасы басшысы мен оның қызметкері ұсталды. Олар алаяқтық жасады деген күдікке іліккен. Мұны облыстық полиция департаменті жазбаша хабарлама арқылы растады. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, бүгінгі күні күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамауға алынған. Аймақтың полиция департаменті бастығы Бектөре Сұлтан, егер күдіктілердің заңбұзушылыққа қасақана барғаны расталса, оларға қатарымыздан орын жоқ деді.  

Сұлтан БЕКТӨРЕ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Қазіргі таңда қызметтік тергеу жүргізілуде. Мұндай заңбұзушылыққа қасақана барғандар, заң аясында қатаң жазаға тартылады. Оларға біздің қатарымызда орын жоқ.

А. Төребекқызы