Русский Сайттың толық нұсқасы

Карантин қайтадан күшейтіле ме?

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2020
  • 2546

Денсаулық сақтау министрлігі дабыл қақты. Өткен тәулікте коронавирусты жұқтыру дерегі күрт өскен. Ведмоства бұған санитарлық талаптарды сақтамаған тұрғындардың өзі кінәлі деп отыр. Кешегі дерек бойынша ПТР сынамасын тапсырған 92 адамнан індет анықталған. Сонымен бірге, COVID-19 расталмаған, бірақ ауру белгілері бар пневмония бойынша да ахуал мәз емес. Ел аумағында 1756 адам қытайлық індеттен, 362 науқас өкпе қабынуының құрбаны болды. Дертті адамдардың саны артқан жағдайда Алексей Цойдың жоспарына өзгеріс енуі ықтимал.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 094 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 70 бала бар. Жалпы науқастардың арасында 87 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың жағдайы аса ауыр дәрежеде деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.


COVID-19-дың жағдайы әлем елдерін әбден әбігерге салды. Бірінші толқыннан арылмай жатып, кезекті толқынға тап толған мемлекеттердің саны күн санап артуда. Көрші Ресейдің өзінде тәулігіне 11 мыңнан астам науқас анықталып жатыр. Ал, Мехико бір күнде 378 тұрғынан айырылды.

А. Данияр