Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда сауда үйі өрттеніп кетті

  • AstanaTV
  • 12 қазан 2020
  • 2501

Павлодарда, қала ішіндегі ірі сауда үйлерінің бірі өртенді. Түнгі бірде шыққан өрт таңға жуық, сағат 4:55-те зорға ауыздықталған. Оған 17 бірлік техника мен 80-ге тарта өрт сөндіруші жұмылдырылды. Қызыл жалын 4 қабатты сауда үйінің 1-ші және 2-ші қабатын шарпып үлгерген. Барлығы 1,5 мыңға жуық шаршы мерт жер отқа оранды. Сауда үйінен жалға орын алып кәсібін дөңгелетіп отырған саудагерлер талай тауардың жанып кеткенін айтып отыр.

Айбек ӘБІЛДИНОВ, КӘСІПКЕР:

Ет өздеріңіз білетіндей иіс тисе, жарамсыз болып қалатын дүние. Іште шамамен жарты миллион теңгенің тауары болды. Кейбір кәсіпкерлердің тоңазытқыш секілді тұрмыстық техникалары да жанып кетіпті. Біздің де тоңазытқыш бар еді. Ішім ашып тұр. Шығынға баттық.


Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Мамандар осы уақытта оттың шығу себебін анықтап, оттан келген материалдық шығын көлемін есептеп жатыр.

Ернұр ӨТЕГЕНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫ:

Өрттің тез таралуына оның біріншіден кеш байқалғаны. Ішінде орналасқан қатты жанатын құралдардың кесірінен болды. Соның кесірінен ең бірінші келген күш құралдар қосымша техникалармен жұмылдырып, тек ғана таңғы 4 сағат 55 минутта ғана өрт жойылған болатын.

Ө. Қуанар