"Astana aqshamy" мен "Вечерняя Астана" газеттерінің құрылғанына 30 жыл. Елордалық басылымдар мерей тойды ерекше атап өтті. Олар бұл күні қалада сенбілік өткізіп, 30 түп тал отырғызды. Газетті 30 жылдығымен қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен құттықтап, ұжымға ізгі тілегін жеткізді. "Elorda Aqparat" медиакомпаниясы құрамына кіретін газеттер 1990 жылдың 13 қазанынан бері тұрақты шығып келеді.
Бақтияр МӘКЕН, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бүгін бүкіл ұжым болып бәріміз бірігіп ағаш отырғызып жатырмыз. Ағашты да 30 деп әдейі таңдадық. Осы жердегі әрбір тал отырғызған азаматтың өз ағашына қарауы керек. Мен де өзім Нұр-Сұлтанға келгеннен бері әр жерге ағаш отырғыздым, арасында қарап қоямыз. Ол енді адамның өзіне байланысты. Ішкі ниетіне байланысты, сүйіспеншілігіне байланысты.
Жарқын ЖҰМАДІЛОВ, "ELORDA AQPARAT" ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
Барлығымыз осы Нұр-Сұлтан қаласының көркеюіне еңбек еткендіктен біздің де қалам ұстаған әріптестеріміздің үлесі болсын деп, жастар көбірек келетін орта болғаннан кейін тас егіп үлгі болсын, өнеге болсын деп осы бір шараға мұрындық болып отырмыз.
А. Данияр