Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда медициналық қалдықтарды дұрыс өртемеген компанияға қатысты полиция іс қозғады

  • AstanaTV
  • 12 қазан 2020
  • 2280

Атырауда медициналық қалдықтардың көзін қалай болса, солай жойған кім екені белгілі болды. Қала тұрғындарының бірінің әлеуметтік желіге жариялаған видеосынан соң құзырлы органдар тексеріс жүргізген. Қоқыс полигоны маңында түсірілген кадрларда медициналық қалдықтар шашылып жатыр. Өртенген қоқыстан қара түтіннің будақтап ауаға таралып жатқандығы анық көрінеді. Оқиға орнына экологтар мен құқық қорғаушы мамандар барды. Олар қалдықтар өртелген жер, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке тиесілі екенін анықтапты.

Сырым ТІЛЕГЕНОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ИНСПЕКТОРЫ:

Ол кәсіпорын бізден ешқандай құжат алмаған. Тексеріс ашылмағандықтан кәсіпорынның ауласына, ішіне кіруге құқымыз жоқ. Сондықтан алыстан байқадық. Медициналық қалдықтар, пакет, қораптың ішіне салынған. Қандай түрін, морфологиясын анықтай алған жоқпыз. Негізінен пластикалық өнім жанған жағдайда формальдегид сияқты зиянды зат бөлінеді.


Осы жайтқа байланысты ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Алайда қоқысты өртегендер рұқат қағазымыз бар деп отыр. Олар бұл іспен 3 жылдан бері айналысатынын айтты.

Нұрлыбек АХМЕДИЯРОВ, ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Табиғатты пайдалану басқармасынан рұхсатымыз бар. Криматордың ішінде өртеп отырмыз. КГ-500деген пеш бар. Табиғатты пайдалану басқармасынан рұхсат алғанда сол пеш жазылып тұр. Заңдылықтарды сақтап отырмыз. За выборысқа ақша төлейміз ғой.


Б. Надірқызы