Русский Сайттың толық нұсқасы

100 мың отбасына көмек ақы жақын күндері төлене бастайды

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2020
  • 16425

100 мың отбасы жақында 50 мың теңгелік көмек ақыны ала бастайды. Бір реттік қолдау көрсету үшін "Birgemiz" қорынан 5 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл қорға қаражат, Елбасы тапсырмасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен түскен. Еске сала кетейін «Birgemiz» қоры осы жылдың наурыз айында Тұңғыш Президент, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күрес жағдайында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін құрылған. Осы уақыт ішінде қор есебінен 550 мыңнан астам мұқтаж азамат 50 мың теңгеден көмек алды.

Д. Мұхаммедкәрім