Русский Сайттың толық нұсқасы

Наркологиялық диспансердің жас маманы, істің қайта тергелуін талап етуде

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2020
  • 3680

Атырауда наркологиялық диспансердің қызметкері, адам өлтірді деген күдікпен қамалған. Бірақ бұған күдіктінің өзі де, тіпті әріптестері де сенбейді. Жалған жаланың құрбаны бола ма деген анасы арнамыздан көмек сұрап, хабарласты. Олай деуге негіз де жоқ емес. Орталықтан айыққан соң марқұмды полицейлер кері алып кеткен деп отыр. Тараптарды тындаған өңірдегі әріптесім тақырыпты тарқатады.

Екі аптадан бері көз жасын тия алмай жүрген ана, баласының жазықсыз екеніне кәміл сенеді.  Айтуынша, наркологиялық диспансерде жұмыс істеген 24 жастағы ұлын, полицейлер өзбек
азаматының өліміне күдікті деп қамаған.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Оқиға биыл мамырдың 17-сінде болыпты. Түңгі сағат 2-лер шамасында ішімдік ішкен 48 жастағы өзбек азаматын орталыққа тәртіп сақшылары өздері жеткізген деп отыр.

Айыққан соң, кері алып кеткенімен, 2 күннен кейін оның қайтыс болғанын естиді.     

Нұргүл МАҒҰЛОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Полицейлердің жетонында болмай ма  жетон ба, видеосы ма. Неге алып келіп менің баламды кінәлайды. Менің балама дейін ол кісі соғылып келген. Оны бері қарай полиция алып келген.  Одан наркологияға алып келген. Наркологиядан кері полиция алып кетеді.  Ол күн жарымнан кейін өледі.  Неге менің баламды кінәлайды.  Менің баламның жазығы не? Неге менің балама дейінгілер тергелмейді.  

Бұл жағдай орталықтағы қызметкерлерді де біраз есеңгіретіп тастаған. Санитар-жолдаушы болып былтыр ғана жұмысқа қабылданыпты. Қызметіне адал екенін алға тарқан әріптестері, бұған сене алар емес. Керісінше орталыққа түскен удай мас адамдарға да ас-суын беріп қамқорлық танытатын деді.

Жеңіс МҰХЛИСОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Өзі сондай мейірімді.  Жұмысына ұқыпты. Ешкіммен конфликтіге бармайды. Сондай адам. Біздерге мас адамдар келгенде конфликтный болады. Мас адамды білесіздер ашулы болады.  Ешқандай қол көтеріп немесе ұрсысып ондайға бармаған жігіт. Ол балаға сенем. Өзімнің пікірім, Дәуренді кінәлі деп есептемеймін.  Мекемеде ұжымдастары да солай ойлайды.

Дейтұрғанмен наркологиялық орталықтың бұрыңғы қызметкерінің қамауда отырғанына 10 күн болды. Полицейлер абайсызда адам өліміне әкеп соққан дерекпен іс қозғапты.

Гүлнәзира МҰХТАРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қылмысқа күдікті 1996 жылғы қала тұрғынына қатысты ҚР ҚК 106 бабы «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша тергеу әрекеттері толықтай аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданатын болады. Жинақталған құжаттар негізінде бұл азамат екі ай мерзімге қамаққа алынды.

Қамауда отырған күдікті де, өзіне жала жабылғанын айтып, отбасына ашық-видео үндеу жіберген. Ол өзіне араша іздейді.  

Дәурен ЖОЛАМАНОВ, КҮДІКТІ:

Мен полицейлерге сұрақ қойдым. «Сендер әкелген кезде видеоларыңыз қайда дегенде жетондарыңа түсірілген видео қайда?»,- дегенде «сол күні техникалық ақауларға байланысты видео жұмыс жасамай қалды»,- деді.  Маған көмек керек. Осы жағдайдың қайтадан тергелуін сұраймын. Мен өзбек азаматына қол жұмсаған жоқпын.

Баласының шындық іздеп шырылдаған үнін естіген анасы да байыз табар емес. Ол прокуратураға арыз түсірген. Дегенмен жас маманның кінәсі дәлелденсе 8 жылдан 12 жылға дейін жаза арқалауы бек мүмкін.
 
Б. Нәдірқызы