Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейде хакім Абайдың 175 жылдығына орай ескерткіш ашылды

  • AstanaTV
  • 15 қазан 2020
  • 2644

Семейде ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ескерткіш ашылды. Ескерткіште Абайдың ұлдары: Ақылбай және Тұрағұл бейнеленген. Композицияның ашылу рәсімі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті. Мемлекет басшысы жұртшылықты ұлық мерейтоймен құттықтап, хакімді біртұтас ұлт болып ұлықтау керектігін жеткізді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз мерейтой кезінде ысырапшылдық пен даңғазалыққа жол берген жоқпыз. Абай айтқан «мақтаншақтық», «бекер мал шашпақты» тыюдың бір жолы осы деп санаймын. Ұлы ойшылдың мұрасы – еліміздің одан әрі өсіп-өркендеуіне жол ашатын баға жетпес құндылық. Абайдың асқақ рухы ұлы мұраттарға жетелей берсін!

Семей өңіріне жасаған сапарында мемлекет басшысы Қарағайлы шағын ауданындағы құрылыс нысандарының жұмысымен танысты. Соңғы екі жылда 200-ден астам мұқтаж отбасыға осы ықшам ауданынан пәтер берілген. Көп балалы аналармен кездескен Президент, мемлекет әлеуметтің әлжуаз тобына қолдауды жалғастыра беретінін айтты. Ал семейлік аналар мемлекет басшысына отбасылық бизнесті дамытуға берілетін гранттардың тізімін кеңейтсе деген ұсыныстарын жеткізді.

Ғ.Өтемісов