Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда 15 жастағы бойжеткен қарақшылық жасап, ұялы телефонды алып қойған

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2020
  • 2361

Павлодар облысында 15 жастағы жасөспірім 13 жасар қызға әлімжеттік көрсетіп, смартфонын тартып алды. Оқиға Ақсу қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Жасөспірімнің қарақшылық әрекеті үйдегі бақылау камерасына түсіп қалыпты. Бұл полиция жұмысын жеңілдетті. Күдікті ұсталды. Іс қозғалып тергеу амалдары жүріп жатыр. Айыбы дәлелденіп жатса 15 жасар қыз 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы Ертіс өңірінде жасөспірімідер арасында қылмыс аз емес. Жыл басынан бері жүзден аса факті тіркелген.

Жасқайрат ҚАЙЫРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Полицияға Ақсу қаласының тұрғыны  шағымданды. Ол қызына бейтаныс адамның қарақшылық шабуыл жасап, тонағанын айтты. Біз күдіктіні ұстадық. Ол кәнісін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті ата-анасына табысталды.


Ө.Қуанар