Русский Сайттың толық нұсқасы

Жол мәселесі қашан шешіледі?

  • AstanaTV
  • 16 қазан 2020
  • 5459

Жол мәселесі қашан шешіледі? Елорда маңында орналасқан Аршалы ауданына қарасты 42-ші разъезд тұрғындары бүгін арнамызға хабарласып, көмек сұрады. Айтуларынша қалаға шығатын ұзындығы 5 шақырым жолдың сапасы сын көтермейді. Жедел-жәрдем мен өрт сөндірушілер ауылға кіре бермейді деді. Жергілікті билік өкілдеріне шағымдансада, нәтиже көре алмай отырғандарын жеткізді. Тыңдап көрейік.


Асқарбек ИСМАИЛОВ, АРШАЛЫ АУДАНЫ 42 РАЗЪЕЗД АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Трассаға шығуға жарты сағат, бір сағаттай уақытымыз кетеді. Әкімдікке үнемі ауыл болып айтамыз. Қол қойып хатта жазып жатырмыз, облысқа да ауданға да жаздық бірақ ешқандай нәтиже болмай жатыр. Ең болмаса асфальт төсемесе де тас төсеп кішкене тегістеп берсе болады ғой. Скорый  пожарный келемін дегенше уақыт өтіп кетеді ғой. Өлетін адам өліп кетеді, жанатын үй жанып кетеді.


Әмина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Көрерменнің шағымы бойынша Ақмола облысының атқамінерлеріне хабарласайық. Қазір бізбен  тілдесуге Аршалы ауданы Волгодонов ауылдық округінің әкімі Еркебұлан Алпысбеков бар екен. Еркебұлан Мәлікұлы, қайырлы кеш! Сіз тікелей эфирдесіз! Сіз басқарып отырған елді-мекенде осындай проблеманың барынан хабарыңыз бар ма? Тұрғындар әкімдікке бірнеше рет барып шағымдандық деп отыр.


Еркебұлан АЛПЫСБЕКОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ АРШАЛЫ АУДАНЫ ВОЛГОДОНОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:


Сәлеметсіз бе? Бұл мәселе бойынша менің хабарым бар. Біз өз тарапымыздан ол кісілерді әкімшілікке шақырып, ол кісілердің арыздарын алып, осы мәселені район басшысына мен тікелей баяндаған болатынмын. Енді бүгінгі таңда, сол 42 разъездегі карьер басшыларымен келісе отырып, жолды өз тарапымыздан шамамызға қарай жөндеу жұмыстарын жүргізбекпіз.


Әмина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ: 

     
Жолды қашан жөндеп бересіздер? Нақыт уақытын айтсаңыз.


Еркебұлан АЛПЫСБЕКОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ АРШАЛЫ АУДАНЫ ВОЛГОДОНОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:


Жылда жол мәселесі көтеріледі. Біз өз тарапымыздан жобалау сметалық құжаттарды өткізген болатынбыз, енді алдағы уақытта жуық арада, осы жол мәселесін шешуге тырысамыз. Уақытын дәл қазір айта алмаймын. Өйткені құжаттар қарастырылуда.  Қалай бюджеттен ақша бөлінеді, біз сол кезде әрекет ететін боламыз.


Әмина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Түсінікті, сіз бұл сұраққа жауап бере алады екенсіз. Сұхбатыңызға рақмет! Республика халқының алдында уәде беріп отырсыз. Сондықтан мәселені шешусіз деп сенейік. Ал біз жол жөнделгенін өз бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған жайттар болса, төтенше жағдайдың куәсі болып жатсаңыз - экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласыңыз. Аудио немесе видео жолдаңыз. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.


А. Данияр